JAS TEAM

10 қыркүйек, сейсенбі күні N1 Хромтау орта мектебінің спорт залында аудан жастары арасында Жастар жылы мен Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында «JasTeam» тимбилдингі өтті. Аудандық жастар  ресурсы  және жастар арасындағы дін мәселелері, қоғаммен байланыс орталығы мен «Қаһарман» қоғамдық бірлестігінің  ұйымдастыруымен өткен тимбилдингке арнайы қатысқан Аудандық жастар ресурсы жəне жастар арасындағы дін мəселелері, қоғаммен байланыс орталығының басшысы Нұрсұлтан Қожабеков шара шымылдығын ашып, өзіде ойыншылар қатарында шараға қатысты. Ауданның 20-ға жуық жастары екі командаға бөлініп, əр түрлі тапсырмаларды орындап, ой ұшқырлықтары мен ұйымшылдық жəне ұжыммен жұмыс жасау қабілеттерін көрсете білді. Жастардың бос уақыттарын қызықты əрі көңілді өткізген тимбилдинкті «Қаһарман» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Фархад Сағымбай жүргізді. Шара соңында барлық қатысушыларға орталық атынан арнайы сертификаттар табыс етілді. 
@Хромтау - ақпарат
#Хромтауауданыныңəкімдігі #Хромтаускийрайонныйакимат