АУДАН ЖАСТАРЫ ЖОЛДАУДЫ ҚОЛДАЙДЫ

Аудан жастары Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын қолдайды. Мəжіліс залда бас қосқан ауданның белсенді жастары мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауындағы ұнамды тұстарын жарыса айтып, Президенттің халыққа Жолдауының ел болашағын еселей түсетініне сенім білдірді. Ауданның белсенді жастары мен қоғамдық бірлестіктердің мүшелері бас ас қосқан жиында Аудандық жастар ресурсы және жастар арасындағы дін мәселелері, қоғаммен байланыс орталығынң басшысы Нұрсұлтан Қожабеков Жолдаудың ел болашағы үшін маңыздылығын және оның мән-мағынасын тек экономикалық тұрғыда ғана емес, сонымен қатар барлық салада, оның ішінде адами капитал сапасын жақсартудағы мәніне тоқталды.
Тұшымды ойлар айтылған жиында аудан жастары кәсіпкерлікке бет бұрып, ел игілігіне қызмет етем деушілер Жолдаудағы кәсіпкерлерге берілетін басымдылық тұстары көңіл қуантады,- дейді. 
Жолдаудың маңызды аспектілеріне жеке тоқталған жиын қатысушылары жаһандық міндеттерді іске асырудағы жастар орнын ерекше атады.
 @Хромтау - ақпарат