ҮЛКЕНГЕ ҚҰРМЕТ 

Жасы үлкенге құрмет етуді, қарттың бүгілген беліне сүйеу болуды ұран еткен Көктау орта мектебінің оқушылары аталмыш нақыл сөздің мәнісін әлдеқашан түсініп, осындай игі істі жылдан-жылға дәстүрге айналдырып келетіні сөзсіз.  Көктау орта мектебінде "Үлкенге-құрмет, кішіге-ізет"атты тәрбиелік мағынасы зор іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты ақ жауылықты әжелер мен ақ сақалды қариялардың көңілін көтеріп, батасын алу болатын. Осы игі істің бастамасы ауылдың құрметті қариясы, Ұлы Отан соғысының ардагері Василий Чернышов атайдың үйінен басталды. Ұлы Отан соғысының ардагері Көктау орта мектебінің ұжымына шексіз ризашылығын білдіріп, мектептің одан әрі өркендеуіне, оқушылардың биік асуларды бағындыруына, осындай игі істің одан әрі жалғасын табуына қуанышты екенін білдіріп, ақ батасын берді.
@Хромтау - ақпарат