МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРДІ ҚОЛДАНУ ЖӘНЕ НАСИХАТТАУ ЖӨНІНДЕ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

1-2 қазан күндері ауданға «Ақтөбе облысы ішкі саясат басқармасы» ММ ұйымдастыру бөлімінің басшысы Арман Ахметов арнайы келіп, мекемелердегі мемлекеттік рәміздердің заңға сай қолданылуы мен орналасуына мониторинг жүргізіп, әдістемелік көмек көрсетті. 
Сонымен қатар мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерін қолдану және насихаттау мәселелері бойынша семинар өткізілді. 
Жиын барысында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарына нақты жауаптар алып ұйымдастырушыларға алғыстарын жеткізді. Жиын соңында ішкі саясат басқармасының өкілі мемлекеттік рәміздерді қолдану және насихаттау саласындағы заңнама талаптарын қатаң сақтауды тапсырды.