БІЛІМ БӨЛІМІНЕ ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Аудан басшысы Нағымжан Алдияровтың 2-қазандағы №197 өкімімен 2019 жылдың 2 қазанынан бастап арнайы тексеруден өткенге дейін Біржанов Рустам Айтуганович «Ақтөбе облысының Хромтау аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ басшысының м.а. лауазымына тағайындалды. 
Біржанов Рустам Айтуганович 1980 жылы Қызылсу ауылында дүниеге келген. 
2001 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетін қазақстан тарихы пәні мұғалімі ретінде тәмамдап, еңбек жолын №2 Хромтау гимназиясында тарих пәні мұғалімі ретінде бастаған. 2013-2017 жж. №4 Хромтау орта мектебінде , 2017-2019жж. №5 Хромтау гимназиясында директор қызметінде болған. 
Осы қызметке тағайындалғанға дейін №7 мектеп-гимназиясының директоры м.а. болып қызмет еткен.