"NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ САЙЛАНДЫ

2 қазан, сәрсенбі күні өткен «Nur Otan» партиясының Хромтау аудандық филиалының кезектен тыс XХVIII конференциясында филиал төрағасы болып аудан әкімі Нағымжан Алдияров сайланды.
Шараға «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің мүшесі Айнұр Бақтығалиева, аудандық мәслихаттағы фракция мүшелері, мекеме басшылары, бастауыш партия ұйымдарынан сайланған делегаттар қатысты.
Конференцияда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог- Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеунің негізі» атты Жолдауы талқыланды. Аудандық филиалдың Саяси кеңесі, Саяси кеңес Бюросы құрамына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.