РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ШАРАЛАР АУДАНДА ДА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ

3 қазан, бейсенбі күні аудандық білім беру ұйымдарында республикалық экологиялық сағат және ағаш отырғызу бойынша республикалық акция өтті. Өскелең ұрпақты табиғи ресурстарды күту және сақтау мәселелеріне тарту мақсатындағы аудандық шараға облыстық білім басқармасы, "Ақтөбе-Дарын" өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығының әдіскері Сәтбек Есенғұл мен аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Рүстам Биржанов қатысты. Республикалық акция аясында 1410 түп ағаш көшеттері егілді. Осылайша, республикалық шаралар ауданда да қолдау тауып, жүзеге асырылды.