АУДАННЫҢ БАС ҚҰРЫЛЫСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

4 қазан, жұма күні Хромтау ауданының əкімі Нағымжан Алдияровтың өкімімен "Хромтау аудандық сәулет, құрылыс және қала құрылысы бөлімі" ММ-нің басшысы лауазымына Даулет Алиев тағайындалды. Арнайы тексеруден өткенге дейін аталған бөлім басшысының міндетін атқарушы Даулет Алиевті аудан басшысы Нағымжан Алдияров əріптестеріне таныстырып, жаңа жұмыста жемісті еңбек етуді тапсырды.
Алиев Даулет Муратович 30 қазан 1988 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Ол Қазақ бас сəулет-құрылыс академиясын 2010 жылы инженер-құрылысшы мамандығы бойынша тəмəмдаған. Еңбек жолын Ақтөбе қаласында инженер-конструктор болып бастаған. Содан бері құрылыс саласында əр түрлі лауазымдарда еңбек етіп келе жатқан Даулет Алиев жаңа лауазымға тағайындалғанға дейін "Сауран-Инжиниринг" ЖШС-нің техникалық директоры болып қызмет еткен.