ҰСТАЗДЫҚ ЕТКЕН ЖАЛЫҚПАС, ҮЙРЕТУДЕН БАЛАҒА

Жылдағы дәстүрге сай қазанның алғашқы демалысында аталып өтілетін ұстаздар қауымының төл мерекелері биылғы жылыда аудан көлемінде кеңінен тойланды. Кеншілер мəдениет үйінде ұстаздар күніне арналған мерекелік шара өтті. Оған аудан басшысы Нағымжан Алдияров, ауданның бас ұстазы Рустам Биржанов бастаған ұстаздар қауымы жəне аудан зиялылары қатысты. Барлық ұстаздарды төл мерекелерімен құттықтаған аудан əкімі Нағымжан Алдияров: - "Білімдінің қолында алтын шырақ" дейді халық даналығы, ұрпақ тәрбиесінде осы қағида ылғи да биік тұруы қажет,- деп ауданның білім беру саласында үздік нәтижелерге қол жеткізіп жүрген ұстаздарға арнайы алғыс хаттар табыстап, сыйлықтар тарту етті. Ал, білім беру саласында еңбек етіп, бүгінде зейнеткерлік демалыстағы ұстаздар қауымына ауданның бас мұғалімі Рустам Биржанов бастаған мектеп басшылары гүл шоқтарын беріп, тарту-таралғылар жасады. Мерекелік шарада аудандық мəдениет үйінің əншілері əн шашу жолдаса, мың бұралған бишілер тобы мерекенің көркін кіргізді. Осылайша аудан ұстаздары төл мерекелерінде құрметке бөленді.