ЖАС БОКСШЫЛАР СЫНҒА ТҮСТІ 

Ауданда Хромтау БЖСМ 50 жылдығы аясында бокстан 2006 - 2007 ж.т. жасөспірімдер арасындағы облыстық ашық турнир өтті.
Жарыста Атырау, Ақтөбе облысы, Арал, Бадамша, Әйтеке би, Алға, Қандыағаш қалаларынын  шаршы алаңда жастайынан шыныққан 118 катысуышы шеберлік сынасты.
Шаршы алаңның шаңын қаққан спортшылар сайысқа тас түйін дайындықпен келген. 
Төрт күнге созылған жарыс нәтижесі бойынша I орынды Хромтау командасы еншілеп, Ақтөбе қаласы II орынды иеленіп, ал III орын Қандыағаш қаласына бұйырды.