ШАҒЫН ФУТБОЛ ТУРНИРІ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

27 қазан, жексенбі күні аудан әкімдігінің қолдауымен, аудандық жастар ресурсы және жастар арасындағы дін мәселелері, қоғаммен байланыс орталығы және аудандық "Нұр" мешітінің ұйымдастыруымен жамағаттар арасында "Бірлігі жарасқан жамағат" атауымен аудан әкімінің кубогы үшін шағын футболдан турнир өтті. Жамағаттың басын қосып, бірлігін арттырған шара қорытындысына аудан басшысы Нағымжан Алдияров қатысып, жеңімпаздарға жүлделерді өз қолымен табыстады.Теңбіл доп додасында шебер ойын көрсете білген "Арзан Хром" командасы жүлделі І орынды еншілеп, аудан әкімінің кубогы мен 30, 000 теңгелік сертификатты жеңіп алды. Ал, жүлделі ІІ орынға лайық болған "Жас-Нұр" командасы аудан әкімінің кубогы мен 20, 000 теңгелік сертификатқа ие болды. Жүлделі ІІІ орын мен аудан әкімінің кубогы және 15, 000 теңгелік сертификат "ERG" командасына бұйырды. Сонымен қатар, "Үздік қақпашы" және "Үздік шабуылшы" атақтары "Арзан Хром" ойыншыларына бұйырса, "Үздік қорғаушы" атағын "Ақтөбе" командасының ойыншысы алды. Аудан әкімі Нағымжан Алдияров жеңімпаздарға марапаттарын табыстап, команды мүшелеріне медальдар тақты. Марапат соңы жамағаттардың аудан әкімімен еркін кездесуіне жалғасты. Жамағат өз кезегінде аудан басшысына көкейтесті сауалдарын қойып, нақты жауап алды.@Хромтау - ақпарат