ПАРТИЯ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

Бүгін, 28 қазан "Нұр Отан" партиясы Хромтау аудандық филиалының төрағасы Нағымжан Алдияров аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Тұрғындар атаулы әлеуметтік көмек алу, жұмысқа орналасу, жер және тұрғын үй мәселелерін көтерді. 
Азаматтардың барлық өтініштері мен ұсыныстарын тыңдаған аудан басшысы мәселенің мән-жайына орай түсіндірме берді. Сондай-ақ, тиісті бөлім басшыларына туындаған мәселелерді қолданыстағы заңнама аясында шешуді тапсырды.