МЕН ЕЛІМНІҢ ЕРТЕҢІМІН 

5 қазан, жұма күні аудандық жастар ресурсы және жастар арасындағы дін мәселелері, қоғаммен байланыс орталығының ұйымдастыруымен "Мен елімнің ертеңімін" атты әскерей-спорттық сайыс өтті.
Жастар жылы мен Ақтөбе қаласының 150 жылдығы аясында өткен әскерей-спорттық сайыс салтанатты түрде мемлекеттік ту әкелу рәсімімен басталып, мемлекеттік гимнмен ашылды.
Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақалсын арқау еткен шараға қала мектептерінің жоғары сынып оқушылары мен алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімдері қатысты.
Төрт кезеңнен тұрған сайысқа орталық басшысы Нұрсұлтан Қожабеков, Хромтау аудандық сотының бас маманы Игілік Кәрімбай және N1 Хромтау орта мектебінің алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Арыстанбай Бегембаев төрелік етті.
Оқушылар өздерінің әскери шеберліктері мен спорттық қабілеттерін анық көрсеткен сайыс нәтижесінде I орынмен орталық кубогын N3 Хромтау орта мектебі жеңіп алса, II орынды N6 Хромтау мектеп-гимназиясы еншіледі. Ал, III орын N4 Хромтау орта мектебіне бұйырды.
Жеңімпаздарға арнайы дипдомдар мен естелік сыйлықтар табысталып, қатысушыларға алғыс хаттар берілді. Сонымен қатар, сайыстың барлық қатысушыларына теріс діни ағымнан сақтандыру мақсатында арнайы бүктеме қағаздар үлестірілді.