Электронды нысанда мемлекеттік қызмет алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін үйлестіру құрылымдық бөлімшесінің ұйымдастыруымен  "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының аудандық бөлімі қызметкерлерімен бірлесіп аудандық бөлім мамандарына мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мен әр түрлі анықтамаларды "электрондық үкіметің веб-порталы" , eGov mobile, телеграмм қосымшалары арқылы және қажет болған жағдайда "Үшінші тұлғаларға анықтамаларды алу" сервисімен  алу мүмкіндігі жайлы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.  Сонымен қатар, жиынға қатысушыларға "Тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамаларын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі ағымдағы жылдың 1 қарашадан бастап қолданыстан алынатындығы айтылды. 
Өз кезегінде, құрылымдық бөлімше басшысы Жантуған Өмірбеков  аудандық бөлім мамандарына мемлекеттік қызметтер көрсетуде жауапкершілікпен қарап, мерзімінен бұрын өтініштерді өңдеуді және электрондық қызметтердің үлесін арттыруға жұмыс жасауды тапсырды.