ТАЛҒАТ СЕЙДУЛЛАЕВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН СПАРТАКИАДАНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ 

31 қазан, бейсенбі күні №2 Хромтау гимназиясында аудандық кәсіподақ ұйымының демеушілігімен Хромтау аудандық білім, дене шынықтыру жəне спорт бөлімінің басшысы қызметінде болған Сейдуллаев Талғат Амангелдіұлын еске алуға арналған спартакиаданың ашылу салтанаты өтті.Жиында"Нұр Отан" партиясы Хромтау аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жантас Нуримов жəне аудандық кәсіподақ ұйымының төрайымы Гүлжан Аханова сөз сөйлеп, №6 Хромтау гимназиясының дене шынықтыру пәні мұғаліміне Ұлттық дене шынықтыру орталығының алғыс хатын табыс етсе,сайыстың ашылу салтанатына арнайы қатысқан Талғат Сейдуллаевтың жары  жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Спорттық сайысқа қала, ауылдық округтерден жиналған 24 команда қатысып, спорттың 5 түрі: волейбол, мылтық ату, теннис, тоғызқұмалақ және шахматтан сынға түсті.@Хромтау - ақпарат