ЖАҢА АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК МЕХАНИЗМІ ТҮСІНДІРІЛДІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында Үкімет алдына АӘК-тің төлем механизмдеріне өзгерістер мен түзетулер енгізуді тапсырған болатын. Осыған байланысты, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа механизмдері айқындалды. Аталы әлеуметтік көмектің жаңа тетігін жұртшылыққа түсіндіру мақсатында Хромтау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Эльмұрат Болатұлы және басшысының орынбасары Жайнагүл Әшірбекова Бөгетсай ауылының халқымен кездесіп, сауалдарына жауап берді. Орталық өкілдерінің айтуынша ұсынылған ережелерге сәйкес, енді көп балалы отбасылардың балалары отбасының кірісіне қарамастан мемлекеттік жәрдемақы беріледі. Сондай-ақ, АӘК бөлек есептеледі, яғни, отбасының адам басына шаққанадағы орташа кірісі мен елдегі кедейшілік шегінің арасындағы айырманы құрайтын сома ретінде есептеледі. Атаулы әлеуметтік көмекті алуға жан басына шаққандағы табысы 25398 теңгеден төмен отбасылар құқылы.