Хромтау ауданының мемлекеттік қызметкерлері ЖЕҢІМПАЗ атанды

Облыстың 500-ден астам мемлекеттік қызметшілерінен құралған 15 команда ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай өткізілген дәстүрлі XIX облыстық спартакидада кім мықтыны анықтады. 
Ақтөбе облысының дене шынықтыру жəне спорт басқармасының ұйымдастыруымен "Спорт барлығы үшін" ұранымен  өткен спорт сайысында мемлекеттік қызметкерлер спорттың 6 түрі: шағын футбол, волейбол,  үстел теннисі,  тоғызқұмалақ,  жүзу және шахматтан сынға түсіп, жүзу спортынан алдына жан салмаған Хромтау ауданының мемлекеттік қызметкерлері ЖЕҢІМПАЗ атанды. 
Ал, жалпы командалық есепте 15 команданың ішінен 6 орынға тұрақтады. 
Жүлдемен оралған жерлестерді құттықтаймыз!