АУДАН БАСШЫСЫНЫҢ ЖАҢА ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Бүгін, 25 қараша аудан әкімінің өкімімен аудан әкімінің экономика саласына жетекшілік ететін орынбасары қызметіне Тлеуов Дархан Сагинбаевич тағайындалды. 
Тлеуов Дархан Сагинбаевич 1982 жылы Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Акраб ауылында дүниеге келген.
2003 жылы Алматы экономика және статистика институтын «Қаржы және несие» мамандығы бойынша тамамдаған. 
Еңбек жолын 2005 жылы «Көктас-Ақтөбе» АҚ жұмысшысы ретінде бастап, 2008 жылы «Ақтөбе қаласы экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің» инспекторы ретінде мемлекеттік қызметке орналасқан.
2014 жылы «Мәртөк аудандық ішкі саясат бөлімі» ММ басшысы, 2015 жылы «Мәртөк аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысы қызметтерінде болған. 
Осы лауазымға тағайындалғанға дейін «Ақтөбе қаласы «Астана» ауданы әкімінің аппараты» ММ ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас маманы ретінде жұмыс жасаған.