22 қараша Қазақстанның барлық қалаларында «Халық заңгері» атты жалпы ұлттық науқан өтті

22 қараша Қазақстанның барлық қалаларында «Халық заңгері» атты жалпы ұлттық науқан өтті. Аталған науқан Хромтау ауданында да ұйымдастырылды.
Халықтың құқықтық сауатын арттыру мақсатында өткен қабылдауға келген аудан тұрғындары заңгерлік қажетті кеңестер алды. 
Науқанды ұйымдастырушылар - zakon.kz интернет-басылымы, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және Параграф ақпараттық жүйесі.Сонымен қатар бұл науқанды Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттары қолдады.
Осы жылдар ішінде «Халық заңгері»науқаны қарапайым Қазақстандықтар үшін дәстүрлі және сүйікті жобаға айналды.