Н. АЛДИЯРОВ ХРИСТИАНДАРДЫ РОЖДЕСТВО МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

7 қаңтар күні Рождество мерекесінде аудан басшысы Нағымжан Алдияров пен шаһар басшысы Жұлдызбек Бисембин аудан орталығындағы әулие Серафим Саровский шіркеуіне барып, православиялық христиан дінін ұстанушыларды Рождество Христово мерекесімен құттықтады. Аудан әкімі өз сөзінде православиялық христиан дінінің еліміздегі дінаралық тұрақтылықты сақтаудағы маңыздылығын атап өтті.