ҚАР ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР

Шаһар көшелеріндегі көлік қозғалысына ғана емес, тұрғындарды да әбігерге салған қалың қарды тазалау жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Сондықтан кейбір көшелерде көлік қозғалыстары шектелді. Қала тұрғындары мен қонақтарынан жұмыс жасалып жатқан көшелердегі көлік қозғалысының шектелуіне түсіністікпен қарауларын сұраймыз.Қазір қаланы қардан тазалау жұмыстарымен "Хромтау-Тазалық", "МЖК-Строй-Сервис" және "Қаз-Құрылыс" ЖШС мердігер мекемелері айналысуда. Шаһарда қар шығару жұмысымен үш мердігер мекеменің 13 бірлік техникасы шұғылданып, нәтижесінде күніне 750 куб қар шығарылуда. Жұмыстар тек күндізгі уақытта ғана емес, кешкі уақытта да жалғасуда.