АУДАН ӘКІМІНІҢ ХАЛЫҚ АЛДЫНДАҒЫ ЕСЕБІ БАСТАЛДЫ

Қазақстан Республикасы Президентінің "Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, Ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы" 2016 жылғы 5 ақпандағы N190 Жарлығы негізінде аудан басшысы Нағымжан Алдияров көктөбеліктермен кездесті.Есептік кездесуге облыстан арнайы келген өкіл Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасының басшысы Әділ Қайырмеков, аудандық мәслихат хатшысы Дәурен Молдашев және бірқатар бөлім басшылары мен көктөбеліктер қатысты.Алғаш болып ауыл әкімі Арыстанғали Зингин ауылдың әлеуметтік -экономикалық дамуының қорытындысы және алдағы міндеттері туралы баяндап берді.Аудан басшысы Нағымжан Алдияров Хромтау ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және алдағы міндеттері туралы айтып, көрсеткіштерге жеке-жеке тоқталды.Хромтау ауданында 43 952 халық, 34 елді-мекен бар. Оның ішінде үлкен 4, орташа 2 ауыл және 8 елді-мекен бар. Ауданның биылғы көрсеткіші жоғары. Халықтың өсу деңгейі қалыпты. Әлеуметтік-экономикалық дамуы жоғары деңгейде орындалғанын барлық саладан көруге болады. Мәселен,  құрылыс жұмыстары 112% - ға орындалды. Тұрғын үй 38 шаршы метр 133% пайыз. "Нұрлы жер" бағдарламасымен 4 қабатты, 96 пәтерлі екі тұрғын үй халық игілігіне беріліп, кезегін жылжытуда. Алдағы жылы 60 пәтерлі, 5 қабатты 2 тұрғын үй салыну жоспарлануда. Жалпы аудан тұрғындарының әлеуетінің жыл санап артып келе жатқанын экономикалық көрсеткіштердің жоғары болуынан байқауға болады.Аудан әкімі Нағымжан Алдияров кездесу соңында  ауыл тұрғындарының ұсыныстары мен сауалдарын тыңдады.Атқарушы билік тарапынан жасалып жатқан жұмыстарды тізбектеп, тілге тиек еткен көктөбелік Сағынтай Қанатбаев ауылдастарының атынан алғыс білдірді.