АУДАН ӘКІМІНІҢ ХАЛЫҚ АЛДЫНДАҒЫ ЕСЕБІ КӨКТАУ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ

Қазақстан Республикасы Президентінің "Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, Ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы" 2016 жылғы 5 ақпандағы N190 Жарлығы негізінде аудан басшысы Нағымжан Алдияров Көктау ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті.Есептік кездесуге облыстан арнайы келген өкіл Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасының басшысы Әділ Қайырмеков, аудандық мәслихат хатшысы Дәурен Молдашев және бірқатар бөлім басшылары мен көктаулықтар қатысты.Көктау ауылдық округінің әкімі Бақытбек Усмаханов ауылдың әлеуметтік -экономикалық дамуының қорытындысы және алдағы міндеттері туралы баяндап берді.Аудан басшысы Нағымжан Алдияров Хромтау ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және алдағы міндеттері туралы айтып, көрсеткіштерді тілге тиек етті.- Аудандағы ірі ауылдардың бірі 2 400 халқы бар Көктаудың салық базасы өткен жылмен салыстырғанда 5% өскен. Алдағы жылы ауыл көшелеріне тас жол төсеу, әкімдік, дене шынықтыру жане мәдениет үйі сынды әлеуметтік нысандар салу жоспарлануда,-деді аудан әкімі Н. Алдияров.Аудан әкімі Нағымжан Алдияров кездесу соңында  ауыл тұрғындарының ұсыныстары мен сауалдарын тыңдады.Көктаулықтар тұрғын үй, пошта, жол мәселелері бойынша өз ұсыныстарын жеткізді.