АУДАН ӘКІМІНІҢ ХАЛЫҚ АЛДЫНДАҒЫ ЕСЕБІ АҚҚҰДЫҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ

Қазақстан Республикасы Президентінің "Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, Ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы" 2016 жылғы 5 ақпандағы N190 Жарлығы негізінде аудан басшысы Нағымжан Алдияров Аққұдық ауылының тұрғындарымен кездесті.Есептік кездесуге аудандық мәслихат хатшысы Дәурен Молдашев және бірқатар бөлім басшылары мен ауыл халықы қатысты.Аққұдық ауылының әлеуметтік -экономикалық дамуының қорытындысы және алдағы міндеттері туралы ауыл әкімі Арыстанбек Даулетяров баяндады.Сонымен қатар, аққұдықтықтарға Хромтау ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және алдағы міндеттері туралы айтқан аудан басшысы Нағымжан Алдияров ауылдан медициналық пункт салу жоспарда бар екенін атап айтты. Қазіргі таңда жобалық-сметалық құжаттың әзірленіп жатқанын жеткізді.Аудан әкімі Нағымжан Алдияров кездесу соңында  ауыл тұрғындарының ұсыныстары мен сауалдарын тыңдады.Аққұдық ауылының тұрғындары төрт түлікке судың тапшылығын айтып, медициналық қызмет көрсету саласының олқылығы бойынша өз ұсыныстарын білдірді.Кездесу соңында аудан басшысы Н.Алдияров ауыл мектебінің ахуалын қарады.