ХРОМТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ХАЛЫҚ АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРДІ

Бүгін, кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметінің ғимаратында қала әкімі Жұлдызбек Бисембиннің есептік кездесуі өткізілді. Есептік кездесуге қала тұрғындарымен бірге аудан әкімінің орынбасары Меткүл Қосымбаева, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорын басшылары, Қоғамдық кеңес мүшелері қатысты.Есеп беру барысында қала әкімі Хромтау қаласында 2019 жылда атқарылған жұмыстарға тоқталып,  2020 жылдың  жоспарларымен бөлісті.Тұрғындар қала әкіміне толғандырған сұрақтарын қойып, толыққанды жауабын алды.Есептік кездесу соңында Қоғамдық кеңес төрағасы Қуаныш Биржанов қала әкімінің жұмысына алдағы уақытта сәттілік тіледі.