ХАЛЫҚ ҮНІНЕ ҚҰЛАҚ АСТЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ - ТҰРҒЫНДАР ИГІЛІГІ 

Аудан басшысы Нағымжан Алдияров өзекті сұрақтарының жауабын алғысы келген 22 ықшам ауданының тұрғындарымен арнайы кездесті. 
Қарыштап дамып келе жатқан 22 ықшам ауданының жаңа қоныстанушылары тарапынан инфрақұрылымға қатысты өтініштер айтылып жүрді. 
Өйткені, тұрғындарға жер берілген кезде инфрақұрылым мәселесі әлі жүзеге асырылмаған еді, кейіннен біртіндеп атқарыла бастағанымен, әлі толық қамтыла қоймағандығы да рас. Сондықтан осы маңға қоныс тебе бастаған жаңа үйлердің  шет жақтағылары көше жарығы, ауыз су, қоғамдық көлік мәселелеріне алаңдаушылықтарын білдірді. 
Халық үніне құлақ асып, түйіннің шешімін тарқатуға  аудан басшысымен бірге бірқатар бөлім басшылары қатысып, тұрғындардың сауалдарына жауап берілді. 
Аудан басшысы бұл ауданға қатысты ауқымды жоспарымен бөлісіп, мәселелер уақытымен шешімін табатынын жеткізді.