АУДАН ӘКІМІНІҢ ХАЛЫҚ АЛДЫНДАҒЫ ЕСЕБІ БӨГЕТСАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ

Қазақстан Республикасы Президентінің "Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, Ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы" 2016 жылғы 5 ақпандағы N190 Жарлығы негізінде аудан басшысы Нағымжан Алдияров Бөгетсай ауылының тұрғындарымен кездесті.Есептік кездесуге аудандық мәслихат хатшысы Дәурен Молдашев және бірқатар бөлім басшылары мен ауыл тұрғындары қатысты.Алдымен Бөгетсай ауылдық округінің әкімі Ұлан Жаналин бөгетсайлықтардың алдында есеп берді.Ауылда 2019 жылы атқарылған жұмыстар мен әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысын жіпке тізіп, 2020 жылға қойылған міндеттемелер мен жоспарларын баяндады.Ал, аудан басшысы Нағымжан Алдияров өз есебінде ауданның әлеуметтік -экономикалық көрсеткіштерінің жоғары екендігін айтып, 2020 жылы Бөгетсайдың орталық көшесіне тас жол төсеу жоспарда бар екенін жеткізді.Сонымен қатар, кездесу соңында ауыл халықының сауалдары мен ұсыныстарын тыңдап, жауап берді.