Хромтау ауданы бойынша шаруа немесе фермер қожалығын ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану(жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс қорытындысы туралы АҚПАРАТ

Хромтау ауданы бойынша шаруа немесе фермер қожалығын,
ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі
жер пайдалану(жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс қорытындысы туралы
АҚПАРАТ
2019 жылғы 14 қаңтар күні Ақтөбе облысы Хромтау ауданы бойынша Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 43-1 бабына сәйкес «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс өткізілді. Конкурс қорытындысы аудандық жер комиссиясының отырысында шығарылды.
Конкурсқа 73 учаске (лот) бойынша жалпы аумағы 68 979,5 га оның ішінде: 5 694,7 га егістік, 62 663,6 га жайылым, 411,7 га шабындық, 209,5 га басқалай жер учаскелері қойылды.
Конкурсқа қатысуға 60 учаске (лот) бойынша 133 конкурстық ұсыныс түсті.
Жалпы аумағы 9 495,5 га, оның ішінде: 429,8 га егістік, 8 832,5 га жайылым, 213,7 га шабындық, 19,5 га басқалай жер учаскелерін құрайтын 21 учаске (лот) бойынша қатысушылар екеуден кем болуына байланысты конкурс өтпеді деп танылды.
52 учаске (лот) бойынша конкурс өткізіліп, жеңімпаздары анықталды, табысталатын жер учаскесінің жалпы аумағы 59 484 га оның ішінде: 5 264,9 га егістік, 53 831,1 га жайылым, 198 га шабындық, 190 га басқалай жерлер.
Жалғанды - 25 бет.