АУДАНДА АУҚЫМДЫ АҚПАРАТТЫҚ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Бүгін облыстық дін мәселелері жөніндегі ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері: облыстық Дін істері басқармасының бас маманы  Бауыржан Бірмағанбетов, Дін істері басқармасының бас маманы Ольга Вороневич, "Аңсар" ақпараттық талдау орталығының басшысы Нұрсұлтан Жаншин, "Аңсар" АТО  теолог маманы Нұрлыбек Такеев және аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Жайнагүл Ракишева, аудандық "Нұр" мешітінің наиб имамы Марал Иманғали қала мектептерінде ата-аналар, ұстаздар және жоғары сынып оқушыларымен кездесті. "Деструктивті діни ағымдарды қоғамнан ажырата білу және олардан сақ болу жолдары" және "Недопущение проникновения деструктивных религиозных идей среди молодежи"  тақырыптарын қамтыған кездесу барысында түсіндіру жұмыстарымен қатар семинар-тренингтер ұйымдастырылып, жадынамалар таратылды.
Сондай-ақ, "Аңсар" АТО теологы Роза Бисембаева, "Аңсар" АТО психологы Эльмира Әділханова аудандық "Нұр " мешітінде әйел жамағаттармен кездесіп, "Исламдағы әйел рөлі" тақырыбында семинар өткізді.Ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүзеге асырған топ мүшелері қатысушылардың діни сауалдарына жауап жуап берді.