АУДАН БАСШЫСЫ ДІН САЛАСЫНДАҒЫ АТТ МҮШЕЛЕРІН ҚАБЫЛДАДЫ

Бүгін, 6 ақпан күні ауданға арнайы жұмыс сапарымен  дін мәселелері жөніндегі ақпараттық түсіндіру тобы келді.Ақтөбе облыстық Дін істері басқармасының бас мамандары мен "Аңсар" ақпараттық талдау орталығының мамандарынан құралған ақпараттық түсіндіру тобын аудан басшысы қабылдап, білікті мамандармен аудандағы діни ахуалды тұрақтандыру бағытындағы мәселелерді талқылап, ұсыныс пікірлерін тыңдады.Ақтөбе облыстық Дін істері басқармасының бас маманы Бауыржан Бірмағанбетов жалпы облысымыздағы діни ахуал тұрақты екендігін жеткізді. Сондай-ақ, "Аңсар" ақпараттық талдау орталығының басшысы Нұрсұлтан Жаншин өзге ағымдарға қарсы ағарту және алдын-алуда жүйелі істің жүргізіліп жатқандығы айтылып, бірнеше бағытқа бөлінген жұмыстардың жай-күйі баяндады.
Жиын соңында аудан басшысы діни тұрақтылықты сақтау мақсатында ауданда дәстүрлі діни бағыттағы үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.