МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫ МЕРЕКЕДЕ МАРАПАТТАЛДЫ

6 ақпан күні аудан әкімі Нағымжан Алдияровтың төрағалығымен өткен аппарат жиынында ҚР мәслихаттарының құрылғанына 25 жыл толуына орай осы уақыт ішінде  ел үшін көптеген маңызды істердің басын қайырып, күрделі шешімдер  қабылдаған халық қалаулылары - аудандық мәслихат депутаттары "ҚР мәслихаттарының құрылғанына 25 жыл" мерекелік төсбелгісімен наградталды.Салтанатты шарада аудан басшысы Нағымжан Алдияров пен аудандық мәслихат хатшысы Дәурен Молдашев көпшілікті айтулы күнмен құттықтап, аудандық мәслихаттың коғамдағы рөлін атап өтті.Ел игілігіне қызмет ету - мәслихат мақсаты деп атап өткен аудандық мәслихат хатшысы Дәурен Молдашев аудандық мәслихаттың атқарған жұмыстары туралы баяндады.
Сондай-ақ, аппарат жиынында аудан әкімінің халық алдындағы қорытынды есептік кездесуінде облыс басшысының тапсырмаларының орындалуы жөнінде ақпарат беріліп, алдағы жоспарлар баяндалды.Аудан басшысы халық алдындағы қорытынды есептің өз деңгейінде өтуіне атсалысқан Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін үйлестіру құрылымдық бөлімшесі басшысы Жантуған Өмірбеков пен "Қазақтелеком" АҚ басшысы Нұрлан Аминовке алғыс хаттар табыс етті.Сонымен қатар, өткен жылы жоғары деңгей көрсеткен Хромтау ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының нәтижелі еңбегін атап өтіп, Никельтау ауылдық округінің әкімі Асланбек Таженовтің жұмысын сынға алды