АТТ МҮШЕЛЕРІ АУДАНДАҒЫ ДІНИ АХУАЛДЫ ТАЛҚЫЛАДЫ 

Ауданға арнайы сапармен келген ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері аудандағы діни ахуалды тұрақтандыру жөнінде дөңгелек үстел өткізді. 
Жиынға төрағалық еткен "Аңсар" ақпараттық талдау орталығының басшысы Нұрсұлтан Жаншин аудандық ақпараттық түсіндіру тобының өткен жылғы жұмыс есебін қарап, жеткен жетістіктері және жіберген кемшіліктері талқыланды. 
Нұрсұлтан Жаншин биылғы жылғы дін саласындағы 3 негізгі бағыт бойынша нұсқаулықтар беріп, АТТ құрамын пысықтады.
АТТ мүшелері арнайы сапардың екінші күні №7 мектеп-гимназиясының білім алушылары, ұстаздар және ата-аналарымен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.