"АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ЖАҢАША КӨРІНСІ" АШЫҚ ДИАЛОГ

11 ақпан күні Хромтау жоғары колледжінде "Ауыл шаруашылығының жаңаша көрінісі" атты ашық диалог өтті.Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің басын қосқан шараға аудан әкімінің орынбасары Сәндібек Жаконов, аудандық ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімінің басшысы Қойшыбай Рсалин, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Эльмурат  Болатов, Хромтау жоғары колледжінің директоры Бағдаш Молдашева және ауыл әкімдері мен аудандағы шаруа қожалықтарының басшылары қатысты.