АУЫЛ ДӘРІГЕРІ 80 ЖАСҚА ТОЛДЫ 

12 наурыз күні Ақжар ауылының құрметті азаматы, аға-дәрігер Озғанов Қуаныш Ұбайұлы  80 жасқа толды. 
Осыған орай, ақжарлықтар ауылдық мәдениет үйінде ауыл әкімінің қолдауымен қадірлі карияның мерейлі жасын атап өтті. 
Мерейтой иесін аудан әкімінің орынбасары Дархан Тлеуов пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қуаныш Биржанов құттықтап, аудан әкімінің алғыс хатын табыстады.
Сондай-ақ, ақ халатты ардақты азаматқа әріптестері, әкімшілік, мектеп, балабақша, мәдениет үйі ұжымдары ыстық лебіздерін жолдады. 
Зейнеткерлік жасына жетсе де, денсаулық сақтау саласында еңбек етіп жүрген Қуаныш Ұбайұлы қазіргі таңда Ақжар дәрігерлік амбулаториясында аға-дәрігер болып жұмыс жасайды. 
Қуаныш Ұбайұлы осы еңбек еткен жылдары бірнеше мерекелік медальдармен, төс белгілермен марапатталған.