COVID-19 эпидемиялық тәуекелі жоғары адамдарды үйде оқшаулау (үй карантині) қағидалары

COVID-19 эпидемиялық тәуекелі жоғары адамдарды үйде оқшаулау 
(үй карантині) қағидалары
Жалпы талаптар
Үй карантині 1б санатындағы елден шыққан күннен бастап немесе COVID-19 ықтимал немесе расталған жағдайымен соңғы жақын байланыста болған сәттен бастап 14 күнге созылады. 
Үй карантинінің мақсаты – аурудың әлеуетті көзінен COVID-19-ды ықтимал жұқтырудың алдын алу және осылайша Қазақстанның аумағында коронавирустың таралуын болдырмау.
Үй карантинін ұйымдастыру үшін тұру жағдайларына қойылатын талаптар:
Үй карантині мынадай талаптар/жағдайлар сақталған кезде болуы мүмкін:
1. Адам басқа отбасы мүшелерімен кеңістікті тікелей бөлмейтін жеке бөлме бар.
2. Байланыстағы және отбасының басқа мүшелері/ үй шаруашылығының басқа мүшелері тиісті ұсынылған жеке қорғаныш құралдарына (кем дегенде қолғаптар мен бет маскасына) қол жеткізе алады және үйде күтім жасау немесе оқшаулаудың бір бөлігі ретінде ұсынылатын сақтық шараларын (мысалы, респираторлық гигиена және жөтел әдебі, қол алысу) сақтауға қабілетті.
3. Үй шаруашылығында COVID-19 инфекциясынан кейін асқыну қаупі жоғары (65 жастан асқан адамдар, 5 жасқа дейінгі балалар, жүкті әйелдер, иммунитеті әлсіреген немесе жүректің, өкпенің немесе бүйректің созылмалы аурулары бар адамдар) адамдар жоқ.
Көрсетілген талаптарды сақтау мүмкін болмаған жағдайда карантин медициналық ұйымдарда жүзеге асырылады.
Үй карантиніндегі адамға арналған нұсқаулықтар
1. Үйден шықпау.
2. Есігі жабық жеке, жақсы желдетілетін бөлмеде болу. Тек қажетті рәсімдер үшін және қысқа уақытқа ғана бөлмеден шығуға рұқсат етіледі; бұл ретте ауыз бен мұрын маскамен жабылуы тиіс.
3. Вирустың таралуын болдырмау үшін түшкіргенде немесе жөтелгенде ауыз бен мұрынды бір рет қолданылатын қол орамалымен немесе шынтақты бүгіп жабу. Осыдан кейін қолды сумен және сабынмен жуу немесе спирт негізіндегі антисептикалық затпен дезинфекциялау.
4. Қолды сумен және сабынмен жуу немесе тамақ дайындағанға дейін және одан кейін, тамақ алдында және дәретхананы пайдаланғанға дейін және одан кейін спирт негізіндегі антисептикалық затпен дезинфекциялау. Егер қолда көзге көрінетін кір болса, антисептикалық затпен өңдеуге қарағанда қолды сумен және сабынмен жуған дұрыс. Қолды сүрту үшін бір рет қолданылатын сулықтарды пайдаланған дұрыс.
5. Мүмкіндігінше жеке дәретхананы пайдалану.
6. Температура немесе респираторлық симптомдар пайда болған кезде және кез келген медициналық проблема болған кезде карантин туралы хабарлай отырып және жүгіну себебін көрсете отырып, КВИ бойынша колл-орталыққа немесе жедел жәрдемге қоңырау шалу.
Үй карантині қамтамасыз етілетін үй шаруашылығы мүшелеріне арналған нұсқаулықтар
1. Карантин бөлмесіне кіретін үй шаруашылығы мүшелерінің санын қысқарту ұсынылады, артықшылық созылмалы аурулардан зардап шекпейтін бір дені сау адамға берілуі тиіс.
2. Үйге келушілер келмеуі тиіс.
3. Үй шаруашылығының барлық мүшелері қолдарын жиі жууы тиіс.
4. Асүй және дәретхана сияқты жалпы пайдаланылатын орындардың жақсы желдетілетіндігіне көз жеткізіңіз.
5. Карантин бөлмесіне кіру кезінде ауыз бен мұрынды тығыз жабатын медициналық маска кию қажет. Егер маска бөлінділерден ылғалданған немесе ластанған болса, оны дереу жаңа таза құрғақ маскамен ауыстыру қажет. Масканы тиісті техниканы пайдалана отырып, яғни оның алдыңғы бөлігін ұстамай шешу. Пайдаланғаннан кейін масканы дереу шешіп, қолды жуу керек.
6. Карантиндегі адаммен және ластанған беттерді, киімді және төсек-орын жабдығын қоса алғанда, карантин бөлмесімен кез келген қарым-қатынаста болғанда бір рет қолданылатын қолғаптарды пайдалану.
7. Күн сайын карантиндегі адамның бөлмесіндегі беттерді тазарту және дезинфекциялау.
8. Карантиндегі адамның барлық кір киім-кешегін жуғанға дейін өзінің бөлмесінде осы үшін бөлінген пакетте ұстау қажет. Жууды әдеттегі жуу құралымен жүргізу қажет.
9. Карантиндегі адамның тіс щеткасы, темекісі, ыдыс-аяқ, сүлгі, төсек-орын жабдығы және т.б. сияқты вирус берілуі мүмкін заттарын бірге пайдаланудан бас тарту керек. Ыдыс-аяқты сабынды сумен немесе ыдыс-аяқ жууға арналған құралмен жууға болады.