АУДАН ӨНІМДЕРІ АҚТӨБЕЛІКТЕРГЕ ҰСЫНЫЛДЫ

Өңір басшысы Оңдасын Оразалиннің тапсырмасымен, Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының ұйымдастыруымен 14 наурыз күні Ақтөбе қаласы, Табыс коммуналдық базарында Хромтау ауданының ауыл шаруашылық тауар өндірушілері өз өнімдерін ақтөбеліктерге нарық бағасынан төмен бағамен ұсынып, ауыл шаруашылық жәрмеңкесін өткізді. Жәрмеңкеде өз өнімдерін саудалаған шаруаларға тегін орындар беріліп, жағдай жасалды. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің нарықтағы бағасын тұрақтандыруды мақсат еткен жәрмеңкеге 9 ауылдық округтен 3 тонна ет, 1,5 тонна сүт өнімдері, сондай-ақ, "Тұлпар" АҚ Табантал балық шаруашылығының өнімдері саудаға шығарылды. 
Осылайша ауданның табиғи таза өнімдері ақтөбеліктерге жетті.