АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ ӨНІМДЕРІ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ 

Жылдағы дәстүр бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкелері өз бастауын алды.
Бүгін, 14 наурыз күні Амал мерекесіне орай орталық алаңда ауылшаруашылық өнімдері жәрмеңкесі  ұйымдастырылды.
Жәрмеңкеде Абай, Аққұдық, Қызылсу, Құдықсай және Тасөткел ауылдық округтерінің тауар өндірушілері көпшілікке өз өнімдерін ұсынды. 
Жергілікті шаруалардың өнімдерін насихаттау және өнім бағасын тұрақтандыруды мақсат тұтқан жәрмеңкеде 1,5 тонна ет өнімі және сүт өнімдері саудаға шығарылды.
Жиналған көпшілік жәрмеңке ұдайы ұйымдастырылса деген тілектерін білдірді. 
Айта кетейік, сұранысқа ие ауыл шаруашылық өнімдері жәрмеңкесі 21, 28 наурызда жалғасын табады.