ВОКЗАЛ АУМАҒЫ ҚАРДАН ТАЗАЛАНДЫ

Хромтау қаласының темір жол вокзалы аумағын қардан тазалау жұмыстары жүргізілді.
Жолаушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында тұрғындардың аудан әкімдігінің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларына түскен ұсыныстарын ескерген аудан әкімдігі темір жол вокзалы аумағын қардан тазалау үшін арнайы техника жұмылдырып, қар тазалау жұмыстарын жүргізді.