ЖОЛДА ҚАБЫЛДАУ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ 

13, 14 наурыз күндері "Nur Otan" партиясының аудандық филиалы ғимараты және полиция бөлімінің мәжіліс залында сағат 09:00 - 19.00 аралығында халық арасында құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу, азаматтардың ішкі істер органдарына деген сенімін арттыру мақсатында «Жолда қабылдау» және «Аулада қабылдау» республикалық акциясы өткізілді. 
Кездесу барысында халыққа ішкі істер органдары көрсететін мемлекеттік қызметтер туралы, жол  қауіпсіздігін қамтамасыз ету проблемалары, көші-қон заңнамасы туралы, автокөлікті тіркеу, жүргізуші куәліктерін беру, төл құжаттар мен жәке куәліктер, жол жүрісін ұйымдастыру, көлік құралдарын қайта жабдықтауға, сондай-ақ айыппұл төлеу  бойынша, электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігі туралы ақпараттар беріліп, 13 тұрғынның өтініш-тілектері қаралып, қанағаттанарлық жауап алды.