САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қаулысымен елімізде 16 наурыздан бастап төтенше жағдай жариялауына байланысты ауданда санитарлық тәртіп күшейтіліп, коронавирус індетінің таралуына жол бермеу мақсатында алдын алу шаралары жүргізілуде. 
Бүгін СЭС мамандары жолаушылар тасымалдайтын қоғамдық көліктерді дезинфекциялап, автобус салонында арнайы сұйықтықпен өңдеу жұмыстарын жүргізді. 
Залалсыздандыру жұмыстары барлық әлеуметтік маңызы бар нысандар мен қоғамдық орындарда жүргізілуде.