КӨКТАУ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕ ЖОЛДАРЫ ЖӨНДЕЛУДЕ

Жұмыспен қамтудың жол картасы бағдарламасы шеңберінде ауданымызда жол салу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Қазір тек аудан орталығы немесе маңызы бар жолдар ғана емес, ауылішілік жолдарға да ерекше мән беріліп отыр. Осының бір дәлелі, шалғай ауылдарда көше жолдары реттеле бастады. Мәселен, Көктау ауылының орталық көшелері мен ішкі жолдарын қалыпқа келтіруге дайындық жұмыстары басталып кетті.Жөндеу жұмыстарына кіріскен "МАНСАР" ЖШС мердігер ұйымы қазір асфальт жабындысын төсеу жұмыстарына кірісті.