АЙМАҚ БАСШЫСЫ КӨКТЕМГІ ДАЛАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫҢ БАРЫСЫН ҚАРАДЫ

16 мамыр күні аймақ басшысы Оңдасын Оразалин ауданға арнайы жұмыс сапарымен келді.Жұмыс сапарын "Данияр" шаруа қожалығынан бастаған өңір басшысы Оңдасын Оразалин мен облыс әкімінің орынбасары Аманғали Бердалинді аудан әкімі Нағымжан Алдияров көктемгі далажұмыстарымен таныстырды.2018 жылы "Сыбаға" бағдарламасы арқылы 1000 бас қой алып кәсібін дөңгеленткен "Данияр" шаруа қожалығының басшысы Серік Оразымбетов 2019 жылдан бастап егін шаруашылығына бет бұрған.4000 гектар жер телімін алған шаруа биыл 3000 га жерді өңдеп, бидай, арпа дақылдары және судан шөбін егіп отыр.Қос шаруашылықты қатар өрбіткен шаруашылық иесі егістік көлемін ұлғайтып, мал басын арттыру секілді жоспарларымен бөлісіп, өнімді іске куә болған өңір басшысы науқанға белсене кіріскен дала еңбеккерлерінің жұмысына сәттілік тіледі.Сонымен қатар, аудан әкіміне шаруашылығын дөңгелетіп, жұмыс жасап отырған шаруаларға мемлекет тарапынан жан-жақты көмек көрсету қажеттігін тапсырды.