ӨҢІР БАСШЫСЫ БІЛІМ ОРДАСЫНЫҢ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

16 мамыр күні аймақ басшысы Оңдасын Оразалин ауданға арнайы жұмыс сапарымен келді.Жұмыс сапары барысында "Жұмыспен қамтудың 2020ж. жол картасы" бағдарламасы аясында қолға алынған жоба - N 2 мектеп-гимназиясының  ағымдағы жөндеу жұмыстарымен танысты.Аудан әкіміне білім ордасының ішін жөндеп қоймай аумағынада көңіл бөліп, тұрғындар үшін мектептің қоршауын айналып өтетін жаяау жүргіншілерге арналған тратуар салып, мектеп алдындағы автотұрақты  ретке келтіру қажеттігін тапсырып, мердігер компанияға тұрғындарды жұмысқа тартып, жөндеу жұмыстарын межелі уақытта аяқтау керектігін ескертті.Облыс әкіміне алғысын айтқан тұрғынға халықты жұмыспен қамту  мемлекет басшысының тапсырмасы, ел ұстанған саясаттың басым бағыты екенін түсіндірді.Алдағы уақыттада облыс тұрғындарын жұмыспен қамту  бағытындағы жұмыстар жалғаса беретінін жеткізді.