АЙМАҚ БАСШЫСЫ ШАҺАР КӨШЕЛЕРІН ЖАЯУ АРАЛАДЫ

16 мамыр күні аймақ басшысы Оңдасын Оразалин ауданға арнайы жұмыс сапарымен келді.Жұмыс сапарында қала келбетін арттыру бағытындағы тұрғын үй қасбеттерін жаңарту жұмыстарын қарап, "Жұмыспен қамтудың 2020ж. жол картасы" бағдарламасы аясында М.Әуезов көшесі бойындағы жол жөндеу жұмыстарының барысын қадағалап, шаһар көшелерін жаяу аралап, жаңа автобус аялдамаларын өз көзімен көрді.Аудан басшысы Нағымжан Алдияровқа күн санап аумағы үлкейіп келе жатқан қалаға тұрғындар үшін қоғамдық көлік шығару мәселесін шешуді тапсырып, атқарылып жатқан жұмыстарға оң баға беріп, қала тұрғындарының базынасын тыңдады.Көп қабатты тұрғын үйдің ауласындағы балалар ойын алаңына құм төсеу қажеттігін айтқан хромтаулықтарға мәселені аудан басшысының шешетінін айтып, тілектерінің орындалатынын жеткізді.Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылы "Жұмыспен қамтудың 2020ж. жол картасы" бағдарламасы аясында ауданда 20 көше мен аула ішілік жолдар жөндеу көреді деп жоспарлануда.✏Хромтау-ақпарат