ІНДЕТТІҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫН ҚАТАҢ САҚТАП, ҚАЛЫПТЫ ӨМІРГЕ  БІРТІНДЕП ОРАЛУЫМЫЗ ҚАЖЕТ

16 мамыр күні өңір басшысы Оңдасын Оразалин ауданға арнайы жұмыс сапарымен келді.Жұмыс сапары барысында жол бойындағы қызмет көрсету нысаны - "Шерхан" кемпингінің жұмысын қараған аймақ басшысы Оңдасын Оразалин індеттің алдын алу шараларын қатаң сақтап, қалыпты өмірге біртіндеп оралу қажеттігін жеткізді. Сондықтан қазір облыс көлемінде карантин режимін жеңілдетудің кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатқанын тілге тиек етіп, алдағы уақытта жол бойындағы қызмет көрсететін нысандардың жұмысына да рұқсат берілетінін, алайда барлық санитарлық талаптардың сақталуы мен індеттің алдын алу шаралары үнемі бақылауда болатынын шегелеп айтты.Жолаушылар үшін жол бойындағы қызмет көрсету нысандарының жұмысының маңызды екенін атап өткен өңір басшысы "Шерхан" кемпингінің әрі қарай дамыту жоспарымен танысып, санитарлық талаптарды қатаң сақтауды ескертті.