ҚОҚЫС АЛАҢДАРЫ МЕН ЖӘШІКТЕРІ ЖАҢАРТЫЛУДА

Шаһардағы көп қабатты тұрғын үйлердің аумағындағы қоқыс алаңдары мен жәшіктерін жаңарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде.Қала көшелеріне 400 жаңа үлгідегі қоқыс жәшіктері, 30 дана евроконтейнер  орналастырылуда.  РФ жеткізілген қоқыс жәшіктерінің  құны 38 млн тг құрады.  Ал, жер астына орнатылатын қоқыс жәшіктерінің  құны 12 млн 348 мың тг. Сонымен қатар, екі қоқыс шығаруға арналған арнайы техника алуда көзделген еді. Қазір бір арнайы техника жеткізілді.Аталған игі бастама Ақтөбе облысы әкімдігі мен ERG компаниясы арасындағы Меморандум аясында жүзеге асырылып жатыр. Сондай-ақ, Меморандум шеңберінде қоқыс шығаруға арналған 2 арнайы техника алу көзделген. Оның бірі қалаға жеткізілді. Екіншісі жақын арада әкелінеді.