БӨГЕТСАЙДА АУЫЛІШІЛІК  ЖОЛДАРДЫ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Жұмыспен қамтудың жол картасы бағдарламасы шеңберінде ауданымызда жол салу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Қазір тек аудан орталығы немесе маңызы бар жолдар ғана емес, ауылішілік жолдарға да ерекше мән беріліп отыр. Осының бір дәлелі, шалғай ауылдарда көше жолдары реттеле бастады. Мәселен, Бөгетсай ауылының С.Бекбаев және Е.Адайбеков көшелерін жөндеу жұмыстары басталып кетті.Жөндеу жұмыстарына кіріскен "Жерұйық-Консалтинг" ЖШС мердігер ұйымы қазір асфальт жабындысын төсеу жұмыстарына кірісу үшін дайындық жұмыстарын жүргізуде.