ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ РУСЛАН ХАМБАРОВ АУДАНҒА АРНАЙЫ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ

18 мамыр күні облыс басшысы Оңдасын Сейілұлының тапсырмасы негізінде Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Руслан Хамбаров және тиісті басқарма басшылары ауданға келіп, "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылып жатқан ауқымды жобаларды қадағалап, көшпелі отырыс өткізді.Облыс әкімі орынбасарының жұмыс сапары Ақжар ауылдық округіндегі жол құрылысы жобаларын қараудан басталды.Аудан басшысы Нағымжан Алдияров облыс әкімі орынбасарын Ақжар ауылының автомобиль жолдарының орташа жөндеу және ауыл ішілік жолдарды қайта жаңғырту жұмыстарының жобасымен таныстырды.Ақжар ауылында орташа жөндеуден өтетін автокөлік жолдарының жалпы ұзындығы 3,2 км болса, құны 134,8 млн теңгені құрайтын орташа жөндеуден өтетін ауыл ішілік жолдың жалпы ұзындығы 2,9 км.Автокөлік жолдарын орташа жөндеу жұмыстарына «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы негізінде қаражат бөлініп, қазіргі таңда мердігер компания 29 адамды жұмыспен қамтыса, оның 14-і ауыл тұрғындары.Әрі қарай жұмыс сапарын аудан орталығында жалғастырған аймақ басшысының орынбасары Р.Хамбаров Хромтау қаласының орталық саябағын қайта жаңғырту жұмыстарын қарады. Саябақтың жалпы аумағы 12 га, бөлінген қаражат 211,0 млн тенге. Аталған жоба мемлекеттік «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы негізінде қаражыландырылған. Саябақ ішінде жаяу жүргіншілер жолы, фонтан құрылысы, балаларға арналған ойын алаңдары, веложол, жарықтандыру, саябақ сахнасын қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіледі деп көзделген. Саябақтағы жаңғырту жұмыстарына барлығы 53 адам жұмылдырылып, оның 26-ы аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа алынған.Облыс әкімінің орынбасары келесі кезекте 1975 жылы салынған, жалпы аумағы 865,1 кв.м құрайтын аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ғимаратын қарап, аталған ғимаратқа қосымша бір қабатты құрылыс жүргізу жоспарымен танысты. Нысанды қайта құру үшін жобалық сметалық құжаттама әзірленуде. Құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін бірінші қабатында халыққа қызмет көрсету орталығы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерін орналастыру жоспарланған.Қоғамдық қауіпсіздік жұмыстарын да назардан тыс қалдырмаған Р. Хамбароваудандық ішкі істер бөлімінің Жедел басқару орталығына барып, қызметкерлермен тілдесті. Қоғамдық қауіпсіздікті, жол ережесін қамтамасыз ету үшін Хромтау қаласы бойынша 26 бейнекамера орнатылғанын айтқан Аудандық полиция бөлімінің бастығы Мақсат Сапарғалиев Хромтау аудандық әкімдігінің ұсынысымен құқық бұзұшылықтың алдын алу мақсатында қайта жаңартылып жатқан орталық саябақ ішіне қосымша бейнекамераларды орналастыру және іске қосу жоспарларымен таныстырды.Одан әрі жұмыс сапарында аумағы 1,3 га құрайтын, 22 ықшам ауданында салынып жатқан 320 орындық балабақша құрылысын бақылады.Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде жүргізіліп жатқан нысан құрылысы 2020 жылы аяқталады деп күтілуде. Сонымен қатар, облыс әкімінің орынбасары қалада салынып жатқан дене шынықтыру, сауықтыру кешенінің құрылысын қарады. Халықаралық стандарттарға сай салынып жатқан бұл нысанның жер аумағы 1,5 га, жоба құны 1042,0 млрд.теңге. 2019 жылы басталған кешеннің құрылыс жұмыстары келер жылы аяқталады деп жоспарлануда.Аймақ басшысы орынбасарының аудандағы жұмыс сапары аудан әкімдігінің ғимаратында аудан активімен кездесуде қорытындыланды.Көшпелі отырыс барысында тиісті басқарма басшылары ауданның экономикалық-әлеуметтік даму көрсеткіштеріне тоқталып, Р.Хамбаров тарапынан өзекті мәселелер бойынша тапсырмалар берілді.