Хромтау ауданында қылмыстардың алдын алуы

Құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп атқарылып жатқан шаралардың нәтижесінде Хромтау ауданында жылдан жылға қылмыстар саны азайып келеді.
Мәселен, 2018 жылдың 4 айында ауданымызда 173 қылмыстар тіркелсе, 2019 жылдың 4 айында – 96 қылмыс тіркелді, ал үстіміздегі жылдың 4 айы қорытындысымен ауданда 81 қылмыс тіркелді, яғни өткен жылмен салыстырғанда 15,6% төмендеген.
Қылмыстардың саны төмендеудің басты себептері:
- аудандық полиция бөлімімен маскүнемдікке, нашақорлыққа шалдыққан тұлғаларды мәжбүрлеп емдеуге жолдау, қоғамдық жерлердегі, отбасы-тұрмыстық сипаттағы ұсақ құқық бұзушылықтардың жолын кесу және алдын алу;
- прокуратура, сот органдарымен қылмыс жасаған тұлғаларға тиісті ықпал ету шараларын алып, жаза қолдануымен қатар, алдын алу шараларын өткізу;
- пробация қызметімен жергілікті атқарушы органдарымен бірге сотталғандарды жұмыспен қамту, әлеуметтік көмек көрсету;
- білім беру ұйымдарымен оқушылармен, ата-аналармен кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтарды алдын алу бойынша жұмыстар.
Демек, жастар арасында әлі де құқық бұзушылықтарды жасауға бейім адамдар бар, оған дәлел – ақпан-наурыз айларында атыс қаруын қолданып, аса ауыр қылмыстарды жасау.
Қолданылған шаралар нәтижесінде барлық осы қылмыстарға қатысты тұлғалар анықталып, олар күзетке алынып, тергеу жұмыстары жүргізілуде, сотпен оларға қатысты заңды шешім қабылданады.
Сонымен қатар, қылмыстық заңнама күшейтілгенін атап көрсету қажет.
Яғни, заңсыз үйге, қоймаға кіру арқылы жасалған қылмыстар, мал ұрлықтары ауыр санатына ауыстырылды, енді олар жәбірленуші тарапынан кешірім берілседе, өндіріспен қысқартылмайды.
Бұрын көлік құралын басқару құқығынан айырылып, қайтадан көлік құралын мас күйінде басқарса, осындай тұлғаларға жаза ретінде бас бостандығынан айыру жазасы қолдану тәжірибесі енгізілді.
Дегенмен, құқық қорғау органдарының басты міндеті жазалау емес, құқық бұзушылықтарды алдын алу, сондықтан барынша заң талаптарын сақтау қажет.
Ойын-сауық орындарда (кафелер, барлар) бұзақылық әрекеттер орын алып тұрады, сондықтан олардың иелеріне жұмыс регламентін бекітіп, түнгі мерзімде жұмысын шектеу қажет етіледі.
Шаруа қожалықтары, жеке мал иелеріне жайылымда малдарын қараусыз қалдырмай, мүмкіндігінше заманауи құрылғыларды қолданған жөн (GPS-трекер).
Ата-аналармен олардың балалары бос уақытын қалай және кіммен өткізіп жүргендерін бақылап, түнгі мезгілде қараусыз жүруді болдырмауы тиіс.
Осындай шаралар кешенін қолдансақ, Хромтау ауданында және жалпы елімізде қылмыстар саны одан сайын төмендеп, қауіпсіздік деңгейі көтеріледі.
Хромтау
ауданының прокуратурасы