АҚ ХАЛАТТЫ АБЗАЛ ЖАНДАР ЖОЛДАУДЫ ҚОЛДАЙДЫ !

Еліміздің Президенті – Қасым – Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйекте Қазақстан халқына жасаған жыл сайынғы Жолдауын өте мұқият тыңдап, Елбасымыздың әрбір сөзіне қолдау білдіремін! Ия, бүкіл әлемге үлкен соққы болған пандемия – елімізге үлкен дағдарыс алып келгені сөзсіз. Осы орайда, халқымызға үлкен қолдау көрсетіп, күш-жігер беріп жатқан Елбасымызға үлкен алғыс айтамын! Елбасымыз- еліміздегі барлық кем-кетіктердің барлығын елеуден өткізіп, өте өзекті мәселелерді тізбектеп, осы  мәселелермен терең жұмыс жасалатындығын атап өтті. Орта және шағын бизнеске үлкен көмектер көрсетілетінін, осы дағдарыстан алып шығуға арналған жұмыстар жасалатындығын, сондай-ақ білім- ғылым, медицина, баспана, ең бастысы- бүлдіршіндерімізге аса сақтық шаралары жасалып, қауіптен сақтау шараларын күшейту мәселесін қолға алғандығы расымен жүрекке үміт отын жағады.Еліміздегі болып жатқан індет- халыққа біздің қажеттілігімізді, халықтың бізге сенетіндігін көрсетті. Болашақта медицина қызметкерлерінің жалақысын арттыру арқылы, медицина қызметкерлеріне үлкен сенім білдіретіндігін естігенде, жүрекке үміт оты ұялады. Болашақта елімізде білікті дәрігерлер, медицина қызметкерлері көбейетініне және Қазақстан Республикасының медицинасы алдыңғы қатарда болатындығына сенемін! Болашақ-жастардың қолында. Мен - жастарға сенемін!«Майтөбе медпункінің медбикесі» Жумабекова Зейнегуль Умирзаковна